Атырауда екі жылда экоұрықтандыру тәсілімен 177 сәби дүниеге келген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында екі жылда ЭКО тәсілімен 177 сәби дүниеге келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы «Экомед Атырау» орталығының репродуктолог-дәрігері Гүлсара Басарова онлайн брифингте мәлім етті. Оның айтуынша, 3000 әйел мен ер адам бедеулік диагнозымен тіркелген.

«Әр отбасы үшін сәбидің дүниеге келуі – шексіз бақыт. Алайда, отбасының бәрі бірдей бұл қуанышқа бөлене алмайды. Дегенмен, ЭКО тәсілімен сәбилі болу мүмкіндігі бар. Осы орайда мемлекет тарапынан жыл сайын экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасына квота бөлініп келеді. Биыл 9 квота бөлінді. Оның ішінде тек 6 процедура ғана нәтижелі болды. Қазір бір әйел дүниеге сәби әкелді. Баланың дені сау, отбасы қуанышқа бөленді. Жалпы соңғы ЭКО тәсілімен 2 жылда 177 бала дүниеге келді. Сәбилердің арасында егіздер мен үшемдер бар», - деді Гүлсара Басарова.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында ЭКО кезегінде 722 жұп кезекте тұрғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар