Атырауда Елбасының бастамасымен салынған оңалту орталығында 750 бала көмек алды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жыл басынан бері 750 ерекше бала «Қамқорлық» орталығында оңалтудан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қамқорлық» оңалту орталығының меңгерушісі Гүлнәр Мирамованың айтуынша, ерекше балаларды оңалтуға арналған орталық Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен, Елбасы қорының қолдауымен ашылған.

«Біздің орталық жұмысын биылғы 5 қаңтарда облыстық балалар ауруханасының жанынан бастаған еді. Ғимарат заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталды. Ерекше балаларға арнайы курстан өткен 21 маман медициналық оңалтудың 2-3 кезеңі бойынша көмек көрсетіп келеді. Қазір оңалту орталығы бір мезгілде 1 жастан 18 жасқа дейінгі 50-ге жуық баланы тәулік бойы, сондай-ақ күндізгі стационарға қабылдайды. Оңалту курсының мерзімі – 21 күн. Жыл басынан бері 750-ден астам ерекше бала оңалту курсынан өтті. Орталықта неврология, кардиология, травмоортопедия және нейрохирургия бойынша оңалту жүргізіледі. Сондықтан, ерекше балаларға білікті медициналық көмек алу үшін облыстан тыс жерлерге барудың қажеті жоқ», - дейді Гүлнәр Мирамова.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда балаларды оңалту орталығы ашылғаны хабарланған еді.


Соңғы жаңалықтар