Атырауда ішімдік ішіп алып, өзін өлтірмек болған 33 жастағы тұрғын құтқарылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда полиция қызметкері суицид жасамақ болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау қаласындағы «Нұрсая» шағын ауданында тұратын 33 жастағы тұрғын өзіне қол салмақ болған.

Оны әйелі көріп қалып, 102 нөміріне қоңырау шалған.

«Аумаққа бекітілген учаскелік полиция бекетінің қызметкерлері ішімдік ішкен күйінде өзіне қол жұмсауға әрекеттенген ер адамды құтқарды. Учаскелік полиция инспекторлары құтқарылған азаматпен, оның отбасы мүшелерімен профилактикалық түсінік жұмысын жүргізді» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, Атырауда Конституция құрдасы Алан Тұрлановтың туған күнінде 5 адамды өрттен құтқарғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар