Атырауда қару тасымалдаған жүргізуші ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда полиция қызметкерлері қару тасымалдаған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, көлігіне суық қару салып жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болған.

«Патрульдік полиция қызметкерлері «Алмагүл» ықшамауданында «Mitsubishi Lanser» көлігін тоқтатуға тырысты. Алайда, көлік жүргізушісі полицейлердің заңды талабына бағынбай, ізін суытпақшы болды. Полицейлер шетелдік көліктің жүргізушісін қолға түсірді. Тексеру кезінде жүргізушінің көлік руліне мас күйде отырғаны белгілі болды. Ал, оның басқаруындағы көліктен шолақ мылтық табылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сот медициналық сараптаманың қорытындысымен жүргізушінің жеңіл дәрежелі ішімдік ішкені дәлелденген. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабымен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік мас күйде басқаруы) хаттама толтырылған.

Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық Кодексінің 287-бабы, 3-бөлігімен (Атыс қаруын, оқ-дәрілерді жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар