Атырауда кәсіпорын жұмысшыларына 56 млн теңгені кешіктіріп төлеген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда кәсіпорын жұмысшыларына 56 млн теңгені кешіктіріп төлеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының мәліметіне қарағанда, ҚР Еңбек Кодексінің 113-бабына сәйкес жалақы төлеу мерзімін сақтамай, кешіктіру деректері әлі де кездеседі.

«Атырау қалалық прокуратурасымен бірлескен тексеру кезінде еңбек заңнамасын бұзу, оның ішінде жалақыны уақтылы бермеу немесе кешіктіру фактілері анықталды. Мысалы, Еркінқала ауылдық округіндегі №37 «Болашақ» бөбекжай-бақшасының қызметкерлеріне мамыр айына 4 277 639,0 теңге, ал, «Атырау НефтеМаш» ЖШС-нің маусым айына 327 қызметкерге 56 114 706 теңге көлемінде еңбекақыны төлемегені анықталды. Аталған заң бұзушылықтар бойынша жауапты қызметкерлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 87-бабына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылды. Ал, қызметкерлерге еңбекақы толығымен төленді» -деп хаарлады Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан.


Соңғы жаңалықтар