Атырауда қатты жел тұрғын үйлердің шатырын ұшырып әкетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда қатты желден тұрғын үйлердің шатыры ұшты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше, 13 қаңтарда «Қазгидромет» РМК Атырау облысының кей жерінде аздаған қар жауып, желдің ұйытқуы 25 м/с-қа дейін жететінін ескерткен еді. Осыған орай Атырау қаласы мен аудандар әкімдігіне дауылды ескертуге байланысты қажетті шараларды қабылдау туралы ақпарат, ұялы байланыс операторлары арқылы халықты смс-хабарландыру жіберілген.

«Бүгін, 14 қаңтарда Атырау қаласында желдің ұйытқуы 18-19 м/с-қа жетіп, тұрғын үйлердің шатырын ұшырып әкетті. Таңғы сағат 07:10-да Call-орталыққа «Нұрсая» шағын ауданында шатырдың құлау қаупі туралы хабарлама түсті. Құтқарушылар №84-ші үйдің 72 шаршы метр шатыры қайырылып, қалған бөлігінің құлағанын анықтады. Ал, сағат 08:22-де Азаттық даңғылындағы №77 үй шатырының құлау қаупі төнді», -деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп,

бүлінген шатырлардың конструкцияларын нығайтқан. Көлік жолына түскен шатырларды

жинақтап, тұрғындардың өміріне төнген қауіпті дереу жойған.


Соңғы жаңалықтар