Атырауда қайыршылықты кәсіп еткен 814 адам жазаланды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Былтыр Атырауда қайыршылықты кәсіп еткен 814 адам жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Атырау қаласындағы қоғамдық орындарда азаматтарға тиісетін, бал ашып, қайыршылықты кәсіп еткендер азаймай тұр.

«Былтыр осындай құқық бұзушылықты жасаған 814 адам анықталған еді. Олардың бәрі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал, жыл басынан бері учаскелік полиция инспекторлары рейдтік іс-шара кезінде қайыршылықпен айналысып жүрген 6 азаматты анықтады. Мәселен, Атырау қаласындағы №9 орта мектептің тұсында 52 жастағы тұрғынның қайыршылықпен кәсіп еткені белгілі болды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 449-бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің ескертуіне қарамастан аталған құқық бұзушылықты қайталап жасаған 2 азамат анықталған.

Оларға қатысты әкімшілік хаттама жасалып, әрқайсысына 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда қала тұрғынының 2 млн теңгесін алдап алған алаяқ ұсталған болатын.

Соңғы жаңалықтар