+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Атырауда көпбалалы отбасыларға 119 жалдамалы пәтер сатып алынады

2020 жылғы 28 мамыр 21:15
Бөлісіңіз:
Атырауда көпбалалы отбасыларға 119 жалдамалы пәтер сатып алынады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда көп балалы отбасыларға 119 жалдамалы пәтер сатып алынады. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен селекторлық жиында белгілі болды, деп хабарлайды Атырау облысы коммуникациялар қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысының 7 ауданында көппәтерлі тұрғын үй салынады Шымкентте тасқыннан зардап шеккен Елтай ауылының тұрғындары баспаналы болды Мақтааралдағы әрбір үйдің құрылысы онлайн бақылауда болады

Атырау облыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржан Мырзаболатовтың айтуынша, Атырауда көпбалалы отбасылар үшін арендалық 119 пәтер сатылып алынбақ.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты бірегей тұрғын үй саясатын жүзеге асыру. Ағымдағы жылдың төрт айында 1312 пәтер немесе 152,6 мың шаршы метр үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысын жалғастыру мақсатында аймақта 1400 га аумақ бөлінді. Көп қабатты 513 тұрғын үй құрылысын салу жоспарланып отыр», деді Нұржан Мырзаболатов.


Қазіргі таңда облыста 24 тұрғын үй құрылысы, яғни, 2258 пәтер салынуда. Оның ішінде жыл аяғына дейін 1326 пәтер, яғни 10 үй пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Спикердің айтуынша, өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында Атырауда көп қабатты 128 үй жөндеуден өтті. Тек өткен жылы ғана жергілікті бюджет есебінен 13 үй жөнделді.

Сонымен бірге, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 30 үйге күрделі жөндеу жасалады.

Жиынды қорытындылаған Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бірқатар тапсырмалар берді. Ең алдымен, «Нұрлы жер» аясындағы нысандарды уақытылы тапсыру және тұрғын үй құрылысына бөлінген қаражатты тиімді пайдалануды міндеттеді. Сондай ақ, тұрғын үй иелері кооперативін құрып, түсінік жұмыстарын жүргізу де маңызды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT