Атырауда көпірден секірген 20 жастағы бойжеткен мерт болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Жайық өзенінің үстіндегі көпірден секірген 20 жастағы бойжеткен мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға кеше, 29 қазанда, сағат 23:05-те болған.

«2000 жылы туған қыз Балықшы және Жұмыскер елді мекендерін жалғастыратын көпірден секіріп кеткені анықталды. Құтқарушылар келгенге дейін сағат 23:17-де полиция қызметкерлері қыздың денесін судан шығарды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар