Атырауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында көпқабатты тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы хабар бүгін, 18 қазан күні сағат 16:16 шамасында түскен.

«Атырау қаласындағы С.Датов көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің шатыры өртенген. Жалын салдарынан 4 және 5-қабаттағы балкон жанған. Жергілікті уақытпен сағат 16:48-де толық жойылған өртті сөндіруге 9 арнайы техника, оның ішінде 2 автосаты тартылды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Тұрғын үйдегі өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Еске сала кетелік, бұған дейін атыраулық тұрғын бензин шашып, ағасының үйін өртеп жібергенін хабарлаған едік.




Соңғы жаңалықтар