Атырауда көпқабатты үйлерге жылу беріле бастады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында көпқабатты үйлерге жылу беріле бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, биыл ауа райының салқындығына байланысты жылуды мерзімінен ерте беру жөнінде шешім қабылданған.

«Қазір шаһардағы көпқабатты үйлерге жылу беріле бастады. Жылу шағын аудандардың бәріне кезең-кезеңмен беріледі. Өңірдегі 1 776 көппәтерлі үйдің 1 100-ден астамы Атырау қаласында орналасқан», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында жылу маусымына дайындыққа 3 млрд теңге жұмсалғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар