Атырауда коронавирус 20 жастағы студенттен табылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Алматы-Атырау» бағытындағы жолаушыдан алынған тест оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Бүгін, 29 наурызда Атырау облысында коронавирус жұқтырудың алтыншы оқиғасы расталды.

Атырауда індетке шалдыққан науқас 17 наурызда Алматыдан ұшып келген 20 жастағы студент болып шықты.

Жас ер адам оқшауланып, аурухананың инфекциялық бөліміне жеткізілді.

Бұған дейін Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың бес оқиғасы туралы хабарланған. Ауруға шалдыққан адамдардың барлығы қазіргі кезде ем алып жатыр.


Соңғы жаңалықтар