Атырауда коронавирус инфекциясының 11 ошағы анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда коронавирус инфекциясы ошағының аймақтары анықталды, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі.

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының мәлімеьінше, 31 наурызда инфекция таралған 11 аймақ анықталған. Бұл - Шманов, 63; Яблочная, 2; Ардагер 5 шағынауданы; Ұзын Арал көшесі 30; Каспий 19 шағынауданы; Жұлдыз, 19; Нұрсая, 52; Маденов көшесі, 15; Жазықбаев, 20; Құрылысшылар, 147; Привокзальный 5 шағынауданы, 8 үй.

«Коронавирус инфекциясы ошағы дегеніміз - Covid-19 жұқтырған Атырау тұрғындары тұрған үйлер. Қазіргі уақытта 11 үйдің тұрғындары оқшауланды, тапсырған тест нәтижесі бойынша олардан ауру табылмады. Үйлер мен пәтерлер дезинфекцияланды, жергілікті тұрғындарға ешқандай қауіп жоқ», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.

Айта кетейік, екі ауру жұқтырушы әуежайдан бірден жұқпалы аурулар изоляторына жатқызылды. Олар үйіне кіріп үлгермеген.

Еске салайық, қазіргі уақытта Атырау облысында 13 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.


Соңғы жаңалықтар