+7 (701) 759 90 19
USD 417.9 EUR 503.07
RUB 5.64 CNY 64.7
Jańalyqtar

Атырауда коронавирус жұқтырғандардың дені – Теңіз кенішінің жұмысшылары

2021 жылғы 27 қаңтар 12:48
Бөлісіңіз:
Атырауда коронавирус жұқтырғандардың дені – Теңіз кенішінің жұмысшылары

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында бір тәулікте коронавирус жұқтырғандардың дені – Теңіз кенішінің жұмысшылары, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да коронавирус жұқтырған 276 адам стационарда жатыр Батыс Қазақстанда соңғы үш күнде 144 адамнан коронавирус табылды Қырғызстан Президенті Қазақстан басшысына коронавируспен күресте қолдауы үшін алғыс айтты

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен тәулікте 70 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР-тест арқылы расталған.

Науқастардың басым көпшілігі Теңіз кенішінің жұмысшылары болып отыр. Мұнда 61 жұмысшы ауырған.

Ал, Атырау қаласынан 6 науқас тіркелген. Сондай-ақ, Құрманғазы ауданында - 2, Жылыойда - 1 адам қауіпті вирусқа шалдыққан.

Коронавирустың симптомды түрі 15 науқастан анықталған.

«Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 71 адам емделіп шықты. Қазір үй жағдайында 397 адам емделуді жалғастыруда. Облыстық инфекциялық стационарда - 82, аудандардағы стационарларда - 30 пациент емделіп жатыр. Ал, Теңіз кенішіндегі стационарға оқшауланған науқастар саны 809 адамды құрап отыр» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін бір тәулікте Теңіз кенішіндегі науқастар 81 адамға көбейгенін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT