Атырауда коронавирустан жазылғандар 74 пайызға жетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда коронавирустан жазылғандар 74 пайызға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаровтың мәліметінше, бұл аймақтағы эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруымен байланысты болып отыр.

«Бүгін, яғни 12 тамызда Атырау облысында коронавирус инфекциясымен 10638 науқас тіркелді. Оның ішінде 7869 пациент емделіп шықты. Қауіпті індеттен жазылып шыққандардың көрсеткіші 74 пайызын құрады. Науқастар санының азаюына байланысты карантиндік станционарлар жабылды. Алайда, эпидемиологиялық ахуал жақсарғанымен, алдағы жағдайды болжай алмаймыз. Сол себептен, коронавирустың екінші толқынына дайындық күшейтілді» - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Оның айтуынша, Атыраудағы барлық емдеу мекемелерінде дәрі-дәрмек қоры жасақталған.

«Алда күз, қыс мезгілі келе жатыр. Сондықтан, тұрғындарға өз денсаулығына салғырт қарамай, қорғаныш құралдарын пайдалануға, қоғамдық ортада ара-қашықтықты сақтап, кісі көп жүретін орындарға бармауға кеңес беремін»,- деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Еске сала кетелік, Атырауда коронавирустан жазылғандар саны 72 пайызға жеткен еді.



Соңғы жаңалықтар