+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Атырауда қоршаған ортаны ластайтын көлікпен жүрген 16 жүргізуші жауапқа тартылды

2021 жылғы 31 шілде 10:56
Бөлісіңіз:
Атырауда қоршаған ортаны ластайтын көлікпен жүрген 16 жүргізуші жауапқа тартылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда қоршаған ортаны ластайтын көлікпен жүрген 16 жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұқсас жаңалықтар
«Борышкер» операциясы: Алматыда айыппұл төлемегендердің көлігін тартып алады Атырауда бір күнде Жайық жағалауынан 5 тонна қоқыс жиналды Семей тұрғындары қоқыс полигонынан шыққан өрт түтініне тұншығуда

Қала аумағында тұрғындар тарапынан қоршаған ортаға бөлінетін зиянды қалдықтары шамадан тыс артып кеткен көлік құралдарының қозғалысы көбейіп кеткендігі жөнінде хабарламалардың жиі түсуде. Осыған байланысты Атырау қаласы Полиция басқармасы Облыстық экология департаментіне ұсыныс жолдап, 2021 жылдың 28-29 шілде күндері бірлескен жұмыстар атқарды.

– Атырау қаласы Полиция басқармасы қызметкерлері 20 дан астам көлік құралдарының қоршаған ортаға бөлінетін зиянды қалдықтардың нормаларына сәйкестігін тексерді. Тексеру кезінде 16 көлік құралының шығарындыларында ластаушы заттардың нормалары шамадан тыс екендігі анықталып, көлік жүргізушілері ҚР ӘҚБтК-нің 334-бабына сәйкес (Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін автомотокөлiктерді және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану) әкімшілік жауапқа тартылды, – деді Атырау облысы Полиция департаменті бастығы Қамза Үмбетқалиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT