Атырауда қос азаматтықпен жүрген 4 адам анықталған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда қос азаматтықпен жүрген 4 адам анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері 4 тұлғаға ҚР азаматтығынан айыру бойынша құжат рәсімделді. Олардың бәрі Ресей Федерациясының азаматтығын алған.

«Облыс аумағында қос азаматтықпен жүргендерге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 496-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен олардың біріне 408 380 теңге айыппұл салынса, 3 тұлғаға ҚР аумағынан тысқары шығарып жіберу туралы шешім қабылданды» - деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 24 шетелдік елден мәжбүрлі түрде шығарылған болатын.


Соңғы жаңалықтар