Атырауда құрылысы тоқтаған концерт залы сауда орталығына айналуы мүмкін

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 10 жылдан бері құрылысы тоқтап тұрған концерт залы сауда орталығына айналуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зайнолла Маненовтің айтуынша, 2012 жылдан бері құрылысы аяқталмаған концерт залы мен монша-сауықтыру кешенін «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның балансына беру рәсімі жүргізіліп жатыр.

«Алдағы уақытта концерт залы сауда-ойын-сауық орталығы ретінде қайта жаңғыртылады. Инвестор жобаның құны мен техникалық параметрлерін есептейді. Ал, сауықтыру-монша кешенінің бастапқы мақсатын өзгерту инвестормен келісілгеннен кейін белгілі болады», - дейді Зайнолла Мәненов.

Облыс әкімінің орынбасары орынбасары Қайрат Бекеновтің мәліметіне сүйенсек, бұл нысандардың құрылысын жалғастыру үшін бюджеттен қаржы бөлінбейді. Бұған «Атырау» ӘКК» АҚ арқылы инвесторлардың қаржысы тартылмақ.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау 1,4 млрд теңгенің жылыжайы салынып жатқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар