Атырауда медициналық білімі жоқ адамдар коронавирусты емдеумен айналысқан

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Садуақас Байғабұлов тұрғындарды күмәнді дәрігерлердің қызметіне жүгінбеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«WatsApp» мессенджерінде Атырау қаласында қытай медицинасы туралы бейнеролик таратылды.

Бұл бейнероликте дәрігер антисанитарлық жағдайда коронавирусқа инъекция жасайды.

«Атырау қаласында короновирусты инфекцияның симптомдарын емдеу және алдын-алу мәселерімен айналысатын клиника анықталды.

КВИ (пневмония) симптомдарын емдеу үшін фенол ерітіндісін қолдану арқылы инвазивті емдеу әдістері пайдаланылады.

Процедураларды медициналық білімі жоқ адамдар жүргізген. Клиника сондай-ақ дәстүрлі емес медицинамен (инемен емдеу, массаж) лицензиясыз айналысқан», - дейді аймақтың бас санитарлық дәрігері.

Тексеру барысында клиникада жарамдылық мерзімі өткен дәрі- дәрмектер мен Қытайда өндірілген тіркелмеген дәрілік препараттар табылды.

«Аталған фактілер бойынша құқық қорғау органдары тергеу шараларын жүргізуде», - дейді Садуақас Байғабұлов.


Соңғы жаңалықтар