Атырауда мейрамхана мен караоке клубтары шектеу режимін бірнеше рет бұзған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласының полицейлері мобильдік топпен бірге карантиндік шектеу режимін бірнеше рет бұзған мейрамханалар мен караоке клубтарды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мәселен, түнгі сағат 22:00-ден кейін «Китайка» мейрамханасы шектеу шараларын үшінші рет бұзып, 20-ға жуық адамға қызмет көрсеткен. Ал, «Баку» мейрамханасы да жұмыс істеп тұрған. Мұнда 15-тен астам адам болған. Ал «Рыба моей мечты» караоке клубында 70-ке жуық адамның болғаны анықталды. Аталған караоке клубы карантин режимі басталғалы бері 8-ші рет шектеулер мен талаптарды бұзып отыр», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері екі мейрамхана мен караоке клубтың басшыларына әкімшілік хаттама толтырды. Бұл хаттамалар Атырау қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 70 отбасылық шара жасырын өткенін хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар