+7 (701) 759 90 19
USD 419.66 EUR 500.44
RUB 5.62 CNY 64.73
Jańalyqtar

Атырауда мейрамханадан билеп шыққан мас жігіт көлік жүргізген

2021 жылғы 22 ақпан 19:25
Бөлісіңіз:
Атырауда мейрамханадан билеп шыққан мас жігіт көлік жүргізген

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда мейрамханадан билеп шыққан мас жігіт көлік жүргізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында карантин шаралары жеңілдеді: жаңа қаулы жарияланды Ақмола және Қостанай облыстарында жол жабылды ПТР анықтамасы жоқ 277 шетел тұрғынына Атырау облысына кіруге тыйым салынды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жедел басқару орталығының қызметкерлері 19 ақпанда сағат 03:20 шамасында мас жігіттің әуелі мейрамхана алдында билеп, кейін көлік жүргізгенін анықталған.

«Бағыттамаға сәйкес 10 минутта жеткен патрульдік полицейлер Азаттық даңғылындағы №124 үйдің тұсында «Toyota Estima» автокөлігін тоқтатты. Бұл көлік Армения Республикасында тіркелген. Көлік жүргізушісі – Қызылқоға ауданының 30 жастағы тұрғыны. Наркологиялық сараптаманың қорытындысымен жүргізушінің ішімдік ішкені анықталды. Мас күйде рульге отырған жігіттің бұрын да осындай құқық бұзушылық үшін көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды» - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Аталған азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 346-бабымен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол бергені үшін) қылмыстық іс қозғалды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда мас күйде көлік жүргізген 558 жүргізуші жазаланғанын жазған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT