Атырауда мұнай тиелген тіркемесі бар КамАЗ өртенді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында мұнай тиелген тіркемесі бар КамАЗ өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт бүгін, 24 қарашада Жылыой ауданында болған.

«№9 өрт сөндіру бөлімінің диспетчерлік пультіне сағат 07:22-де «Құлсары-Теңіз» тас жолында жүк автокөлігінің өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнында «KARPET TRANSPORTATION» ЖШС-не тиесілі мұнай тасуға арналған КамАЗ автоцистернасының кабинасы, қозғалтқыш бөлігі жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілер автоцистернадағы 30 текше метр мұнайдың өртенуіне жол бермеді» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жалынды сөндіруге №9 өрт сөндіру сөндіру бөлімінің 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар