Атырауда өрт сөндірушілер 38 адамды құтқарды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда өрт сөндірушілер тұрғын үйдегі өрттен 38 адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт 14 желтоқсан сағат 04:04 кезінде болған.

Арнайы қызметтің диспетчер пультіне Атырау қаласындағы Авангард-3 шағынауданында орналасқан үйдің жертөлесінен түтін шыққаны жөнінде хабар түскен.

Шақырту бойынша жеткен төтенше жағдайлар департаментінің кқызметкерлері 5 қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде матрас пен ағаш қалдықтарының өртенгенін анықтады.

«Электр кабелі мен су жүйесіне арналған пластикалық тұрбаны қызы жалын шарпыған. Тұрғын үйдің дәлізін түтін тұмшалап, тұрғындардың өміріне қауіп төнді. Сол себепті өрт сөндірушілер шұғыл түрде 15 пәтерден 38 адамды, соның ішінде 11 баланы қауіпсіз жерге көшірді» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге 10 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды. Жалын сағат 04:18-де оқшауланып, сағат 04:26-да толық өшірілді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда салынып жатқан тұрғын үй кешені өртенген болатын.


Соңғы жаңалықтар