Атырауда патрульдік-полиция ротасының командирі қызметкерлерінен ақша бопсалаған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда патрульдік-полиция ротасының командирі қызметкерлерінен ақша бопсалаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің мәліметтеріне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Атырау облысы Полиция департаментінің патрульдік-полиция ротасының командирі М. қызметі бойынша «қамқорлығы» үшін 5 000-нан 70 000 теңгеге дейінгі мөлшерде қарамағындағы қызметкерлерден бопсалау жолымен жүйелі негізде пара алып келген деген факті бойынша қылмыстық іс тергелуде.

«Сот азамат М.-ды «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Қазіргі уақытта аталған істі тергеу әрекеттері жүріп жатыр»,-делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар