+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Атырауда полицейге пара берген жүргізушіге айыппұл салынды

2020 жылғы 23 мамыр 14:57
Бөлісіңіз:
Атырауда полицейге пара берген жүргізушіге айыппұл салынды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда полицейге пара бермек болған қызылордалық жүргізушіге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қызылорда облысының тұрғыны көлігімен Ақтау қаласына баруға жолға шыққан. Ол атыраулық полицейдің WhatsApp желісіндегі нөміріне Ақтаудағы туысы туралы анықтама жіберген.

«Атырау облысындағы блокпосттан өтер кезде полиция қызметкеріне пара беруге тырысқан. Жүргізуші ұялы қолданба арқылы полицейдің жеке шотына 15 мың теңге аударған. Мұны біліп қалған полиция қызметкері жүргізушінің ақшасын кері қайтарып, бұл туралы басшылыққа мәлім етті», - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл іс №2 Атырау қалалық сотында қаралған. Сот үкімімен жүргізушіге 112 500 теңге айыппұл салынған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT