Атырауда полициядан қашқан жүргізушіге 291 700 теңге айыппұл салынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда полициядан қашып, қарсылық танытқан жүргізушіге 291 700 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, түнгі сағат 1:00 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері Атырау қаласындағы «Бармаглот» мейрамханасының тұсында «Ваз 2110» маркалы автокөлігінің жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін тоқтатпақ болған. Алайда, автокөлік жүргізушісі полиция қызметкерлерінің тоқтату туралы талабына бағынбай, қашып кеткен.

«Кейін аталған автокөлікті тоқтатқан кезде 23 жастағы жүргізушінің полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай қарсылық танытқан жүргізушінің көлік басқаруға құқығы жоқ екені белгілі болды. Сол себептен, көлік жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 667-бабының 1-бөлігімен (Полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбау) әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды. Сондай-ақ, 596-бабының 5-бөлігімен (Жүргізуші куәлігі жоқ күйде жолдың қарама-қарсы бағытына шығу), 612-бабының 2-бөлігімен (Жүргізу құқығы жоқ күйде), 613-бабының 1-бөлігімен (Полиция қызметкерлерінің тоқтату талабын орындамау) әкімшілік хатттамалар толтырылып, 291 700 теңге көлемінде айыппұл салынды» -жеп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда мас күйде рульге отырған 2 әйел жүргізуші куәлігінен айрылған еді.


Соңғы жаңалықтар