USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Атырауда сәбиін өлтірген әйелге қатысты сот үкімі шықты

2021 жылғы 25 қараша 14:59
Бөлісіңіз:
Атырауда сәбиін өлтірген әйелге қатысты сот үкімі шықты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда сәбиін бірнеше рет пышақтаған әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысында покерді заңсыз ұйымдастыру дерегінің жолы кесілді Ақтөбеде облыстық мәслихаттың экс-депутаты ақталып шықты

Бұған дейін Атырауда 4 айлық баласын 38 рет пышақтаған әйелдің ісі сотта қаралып жатқанын хабардар еткенбіз.

Қылмыстық іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Айыпталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігімен 4 айлық қызын қасақана өлтірді деген айып тағылды. Қылмыстық іс медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа берілген еді.

Сот талқылауы кезінде мынадай жайт анықталған. 41 жастағы әйел 2020 жылдың желтоқсан айында қызын өмірге әкелген. Босану кезінде және одан кейін анасы мен баланың денсаулығы қалыпты, қанағаттанарлық жағдайда болған.

2021 жылдың 26 сәуірінде үйінде өз қызымен оңашада қалған. Қатты жылаған қызын тыныштандыра алмаған анасы ашу үстінде асхана бөлмесінен қолына пышақ алған. Жылауын тоқтатпаған қызының дәрменсiз күйде екенiн білсе де, өзінің қылмыстың ниетін жүзеге асыру үшін нәрестеге дене жарақатын салған.

«Сараптама қорытындысына сәйкес, А.Б. «Параноидты шизофрения» созылмалы психикалық аурумен ауырған және қазіргі кезде зардап шегеді. Психикалық ауруы бала босанғаннан кейін болмаған. Сарапшылар қылмыс жасаған уақытта ол өзінің жасаған әрекетін түсінбегенін көрсетіп, оны мамандандырылған психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуді ұсынған. Сотта А.Б.-ның кінәсі жәбірленуші жұбайының, куәлардың жауаптарымен, мүрдені қарау хаттамасымен, сараптама қорытындыларымен, бейнежазбалармен дәлелін тапты. Сот қаулысымен А.Б.-ның адам өлтіруді есі дұрыс емес жағдайда жасағаны дәлелденді. Алайда, сотпен қолданылуы міндетті ҚР Қылмыстық Кодексінің 16-бабының талабына сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылып, оған қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылды» -деп хабарлады Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT