+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Атырауда сауда және ойын-сауық орталықтары сенбі, жексенбі жұмыс істемейді

2021 жылғы 26 шілде 21:33
Бөлісіңіз:
Атырауда сауда және ойын-сауық орталықтары сенбі, жексенбі жұмыс істемейді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында карантин шаралары қайта күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде үйлену тойлары мен сауық кеші тоқтамай тұр Жаңа қаулы: Павлодарда вакцина алмаған кәсіпорын жұмысшылары жұмыстан шеттетіледі Алматыда «қызыл» мәртебесі бар 235 адамға айыппұл салынды

Бұл туралы Атырау облысының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің орынбасары Ә. Бекешеваның жаңа қаулысында айтылған.

«Атырау облысының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізілсін. Меншік нысанына қарамастан ұйымдар, кәсіпорындар, субъектілер Атырау облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында Ashyq мобильді қосымшасын енгізсін және пайдалансын» делінген құжатта.

Сондай-ақ, қаулыға сәйкес, сауда үйлері мен сауда-ойын-сауық орталықтары (павильондар, бутиктер), сауда желілерінің күн сайынғы жұмыс кестесі сағат 10:00-ден 15:00-ге, ал, Ashyq жобасына қатысатын нысандар сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін шектелген.

Бұл нысандардың сенбі, жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынған.

Жаңа қаулы 27 шілде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жаңа қаулыға сәйкес қандай шектеулер енгізілгенін хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT