Атырауда Шеберлер аллеясы ашылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында Шеберлер аллеясы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жайық өзенінің жағалауындағы Шеберлер аллеясында атыраулық қолөнер шеберлері мен дизайнерлердің «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» атты көрме-жәрмеңкесі әр аптаның демалыс күндері өтеді. Оған облыстық «Іскер әйелдер» кеңесі мен Атырау қалалық әкімдігі қолдау көрсеткен.

«Көрме-жәрмеңкенің басты мақсаты – кәсіпкерлерді қолдау, олардың өнімін өткізуіне жағдай жасау. Сондай-ақ, ерекше нақыштағы ұлттық қолөнер туындылары арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін, тарихын, мәдениетін кеңінен дәріптеу», - дейді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Самат Емберген.

Жас дизайнер Әлбина Сиғуатованың айтуынша, бұл – жас кәсіпкерлерге отандық

өнімдерін ұсынуға арналған тиімді жоба. Мұнда ұсынылатын әр өнімнің сапасы жоғары, бағасы тұтынушыға қолжетімді отыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда Абай мұрасына арналған суретшілер симпозиумы

өткенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар