Атырауда табиғат пайдаланушылардан өндірілген айыппұл 224 млн теңгені құрады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында биылғы 9 айда табиғат пайдаланушылардан өндірілген айыппұл 224 млн теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары – бас мемлекеттік экологиялық инспектор Сырым Тілегеновтің айтуынша, биылғы 9 айда табиғат пайдаланушыларға 46 мемлекеттік экологиялық бақылау жүргізілген. Оның ішінде 11 профилактикалық бақылау, 35 жоспардан тыс тексеру бар.

«Тексеру нәтижесінде 130 заңбұзушылық анықталып, оны жою туралы 85 ұйғарым берілді. Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты 88 миллион 422 мың теңгені құрайтын 54 әкімшілік айыппұл салынды. Айыппұлдың 88 миллион 299 мың теңгесі өндірілді», -деді Сырым Тілегенов.

Сондай-ақ, оның мәліметінше, былтыр салынған 136 миллион 339 мың теңгені құрайтын 5 әкімшілік айыппұл өндірілген. Осылайша, биылғы 9 айда мемлекет пайдасына өндірілген 224 миллион 638 мың теңгені құрады.


Соңғы жаңалықтар