Атырауда Тауман Амандосов атындағы сыйлықтың иегерлері анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда қазақ журналистикасының негізін салушы, профессор Тауман Амандосов атындағы облыс әкімі сыйлығының иегерлері анықталды, жеп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыйлық иегерлерін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов марапаттады. Жеңімпаздарға берілген қаржылай сыйақы мөлшері – 500 мың теңге.

«Қай кезде де ақпарат саласының мамандары – қоғамның айнасы. Пандемия ушығып тұрған кезде дәрігерлермен бірге, журналистер де алдыңғы шепте жүрді. Қауіпті аймақтан тікелей репортаждар жүргізіп, шынайы ақпаратты таратты. Бұл – БАҚ өкілдерінің кәсібіне адалдығының көрінісі», - деді Махамбет Досмұхамбетов.

Арнайы құрылған қазылар алқасының шешімімен «Үздік журналист–2020» номинациясын белгілі журналист, «Сарайшық» журналының бас редакторы Исатай Балмағамбетов иеленді.

«Атамекен» ҰКП Атырау облысы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Әсел Тұяқпаева – «Үздік баспасөз қызметі–2020», волонтер әрі блогер Қуат Жанесеев – «Үздік блогер–2020», өңірлік коммуникациялар қызметінің дизайнері Еламан Нухин «Үздік визуалды жұмыс–2020» номинациясымен марапатталды.

Ал, «Үздік креативті шығармашылық–2020» номинациясын журналист Нұрберген Мақым, «КТК» арнасының Атырау облысындағы меншікті тілшісі Бекен Әлирахым «Үздік меншікті тілші–2020», «Атырау–Ақпарат» ЖШС баспаханасының түптеу цехының түптеушісі Алтынай Тантуарова «Үздік техникалық маман–2020» аталымын иеленді.

Сондай-ақ, «Үздік кадр–2020» номинациясы «Атырау» телеарнасының операторы Қанат Елеуовке, «Үздік интернет паблик–2020» аталымы Faceebok парақшасы үшін блогер Арман Хайрулинге, «Үздік редакция–2020» аталымы Құрманғазы аудандық «Серпер» газетіне берілді.

Өңірдің бір топ журналисіне 1 миллион теңгелік «Тұрғын үй» сертификаты тапсырылды.


Соңғы жаңалықтар