+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Атырауда тұтынушылардың 1 млн теңгеден астам төлемі қайта есептелді

2021 жылғы 22 шілде 09:46
Бөлісіңіз:
Атырауда тұтынушылардың 1 млн теңгеден астам төлемі қайта есептелді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда тұтынушылардың 1 млн теңгеден астам төлемі қайта есептелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында жылу энергиясымен жабдықтау қызметінің құнын сыртқы ауаның нақты температурасыy ескеріліп, қайта есептеу үшін талдау жүргізілген.

«Өткен жылыту кезеңінде сыртқы ауаның нақты жоғары температурасының нәтижесінде тұтынушыларға 2020-2021 жылғы жылу маусымы үшін 5 табиғи монополия субъектісі («Жылыой Су» МКК, «Қамысқала Су Арнасы» ЖШС, «Қаланың тұрғын үйлеріне коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС, «Атырау облысы Су Арнасы» КМК, «Атырау жылу электр орталығы» АҚ) бойынша жалпы сомасы 1 074 452,3 теңгенің (қосымша құн салығынсыз) қайта есептеуі жасалды. Оның ішінде «Атырау жылу электр орталығы» АҚ жалпыүйлік жылу есептеу аспабынсыз – 313 734,28 теңге, ескі, апатты үйлерде – 177 139,0 теңге, «Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС – 187 287,1 теңге, «Атырау облысы Су Арнасы» КМК – 103 552,0 теңге, «Жылыой Су» МКМ – 43 128,1 теңге, «Камыскала Су Арнасы» ЖШС-де 249 611,8 теңгені құрады. Ал, жалпыүйлік жылу есептеу аспабын қолдануға көшкен тұтынушылар төлемдерді жылу энергиясының нақты пайдаланған көлемі бойынша жүргізеді. Бұл тұтынушыларға қайта есептеуді жүргізу қажеттілігі жоқ» -делінген Табиғи монополияларды реттеу комитеті өңірлік департаментінің ақпаратында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT