Атырауда үкіметтік емес ұйымдар жобаларының жәрмеңкесі өтті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда үкіметтік емес ұйымдар жобаларының жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жәрмеңкені облыстық ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталық» мекемесі ұйымдастырды. Оған 20 үкіметтік емес ұйым қатысты.

«Мемлекеттің қуаттылығын арттыратын қозғаушы күштің бірі – үкіметтік емес ұйымдар. Қазір Атырау облысында 706 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Азаматтық қоғамның дамуына әр салада жұмыс істеп жүрген қоғам белсенділерін қолдаудың маңызы зор. Сол себептен, мемлекет игі бастамаларды бірігіп жүзеге асырудың тиімділігін арттыруға баса көңіл бөліп отыр», -деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Жәрмеңке аясында мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес өкілдері арасында үш жақты меморандумға қол қойылды. Меморандуымға сәйкес демеуші компаниялар ұйым жобаларына қаржылай қолдау көрсетеді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында волонтерлер жеті балалы отбасыға үйы сыйлағанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар