Атырауда волонтерлер штабы 5 бағытты қамтиды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында құрылған волонтерлер 5 бағытты қамтиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау қаласында карантин мен облыс аумағында шектеулердің енгізілуіне байланысты Азаматтық орталық базасында волонтерлер штабы құрылды. Штабқа қаланың кез келген тұрғыны ерікті бола алады. Олар сұранысқа ие салаларда жұмыс істейді» -деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Волонтерлер штабы бес бағытты қамтығалы отыр. Мәселен, автоеріктілер тұрғындарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуге қолғабыс жасайды. Медицина еріктілері жедел жәрдем қызметкерлеріне, СЭС еріктілері дезинфекция жұмысына көмек береді.

Еріктілердің бір тобы полиция қызметкерлерімен бірге рейдке шығады. Сондай-ақ, ерікті тігіншілер бірнеше мәрте қолданатын медициналық маска тігуге атсалыспақ.


Соңғы жаңалықтар