Атырауда Жайық өзенінің жағалауы жанып жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында тағы да Жайық өзенінің жағалауы жанып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайларлар департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растады.

Жайық жағалауы маусым айы басталғалы бері 4 мәрте өртенді.

Департаменттің диспетчерлік пультіне бүгін, 24 маусымда жергілікті уақытпен сағат 11:14-те Жайық өзенінің жағалауы өртенгені туралы хабар түскен.

«Жайық өзенінің «Тұрғын үй қалашығы» шағынауданындағы жағалауында құрғақ бұталар мен қамыс қопасы өртенген. Қазір өрт сөндірушілер жалынды сөндіріп жатыр», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Жайық өзенінің жағалауы өртенген болатын.



Соңғы жаңалықтар