Атырауда жеңіл көлікпен соқтығысқан автобус өртеніп кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында жеңіл көлікпен соқтығысқан автобус өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Атырау қаласындағы Тайманов және Әлиев көшелерінің қиылысында Hyundai Sonata маркалы автокөлік пен ПАЗ автобусы соғысып қалды. Ұйымдардың біріне тиесілі автобус өртенген.

«Соқтығысқан кезде автобуста жүргізуші мен үш жолаушы болған. Ешқайсысы зардап шекпеген. Жеңіл көлік жүргізушісі медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінді. Тексерістен өткеннен кейін үйіне жіберілді», - деп хабарлады аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мекемедегілер бірқатар сараптама тағайындалғанын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар