Атырауда жеңіл көлікпен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі ажал құшты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда мотоцикл жүргізушісі «Лада» жеңіл көлігімен соқтығысып, ажал құшты. Ал онымен міңгескен жолаушы жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға қала маңындағы Жұмыскер ауылында болған. Тасжолда автокөлік пен мотоцикл соқтығысқан. Мотоцикл жүргізушісі оқиға кезінде қаза тауып, онымен бірге келе жатқан жолаушы түрлі дене жарақатын алған. Қазіргі кезде ол облыстық ауруханаға жатқызылған. «Лада» жүргізушісі жапа шекпеген.

Облыстық ПД таратқан мәліметке сай, осы оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар