Атырауда жоғалған кішкене баланы іздеуге 400-ге жуық ерікті қосылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда кеше түсте жоғалып кеткен бір жастан асқан кішкене баланы іздеуге 400-ге жуық ерікті қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше түсте жоғалған бала әлі табылмай жатыр. Балақайды іздестіру түнімен жауған жаңбырға қарамастан тоқтаған жоқ.

«Бүгін, 21 мамырда жергілікті уақытпен таңғы сағат 6:30-да көмекке 400-ге жуық ерікті келді. Сондай-ақ, іздестіру жұмысына Ұлттық ұланның 50 сарбазы, полицияның 100-ден астам қызметкері, 50 волонтер жұмылдырылды. Олар «Жұлдыз» шағынауданындағы 51 көшені жан-жақты тексеруге кірісті», - деп облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері жедел іздестірудің өзге де нұсқасын қолға алыған. Шағынаудан аумағындағы кәріз құдықтары, маңындағы барлық нысандар тексеріліп жатыр.

Еске сала кетелік, кеше Атырауда түсте бір жарым жастағы балақай жоғалып кеткен еді.

Кеше кешкісін оны іздестіруге 50 волонтер жұмылдырылды.



Соңғы жаңалықтар