Атырауда жоғалып кеткен 40 жастағы әйел мен бір жарым жасар сәби табылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда үйінен шығып, жоғалып кеткен 40 жастағы әйел мен бір жарым жасар бүлдіршін табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 6 тамызда кешкі мезгілде кезекші бөліміне Атырау қаласының тұрғынынан шұғыл хабар түскен. Ол 1980 жылы туған апасы мен өзінің 1,5 жастағы қызының сағат 17:30 шамасында Қаженбаев көшесіндегі үйінен шығып кеткендігін, содан кейін қайта оралмағандығын айтқан.

«Осы дерекке байланысты жоғалған адамдарды іздестіруге Атырау қалалық полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды. Бүгін, 7 тамызда сағат 10:00 шамасында полиция полковнигі Сайфулла Қазиханов пен полиция майоры Андрей Чекарев 40 жастағы әйел мен 1,5 жасар баланы «Дина» базарының маңынан тапты. Қазір олар туыстарымен табысты», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда балаға зорлық жасамақ болған күдікті ұсталған еді.



Соңғы жаңалықтар