+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Атырауда жылқышының өліміне қатысы бар екінші күдікті ұсталды

2020 жылғы 15 қыркүйек 17:17
Бөлісіңіз:
Атырауда жылқышының өліміне қатысы бар екінші күдікті ұсталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жылқышының өліміне қатысы бар екінші күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР ҰҚК «Головлев-Кабдушев» қылмыстық тобының әрекетіне қатысты жағдайды түсіндірді Елордада банк менеджері клиенттердің шотынан қомақты қаржы алған – полиция Алматы облысында жер алып беремін деп талайды сан соқтырған алаяқ ұсталды

Бұған дейін полиция қызметкерлері Жылыой ауданында жылқысын іздеуге шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен жылқышының өлі денесін терең шұңқырдан тапқан еді. Аталған дерекке қатысты бұрын сотталған 38 жастағы күдікті ұсталған болатын.

«Күдіктіге қатысты жүргізілген тексеру кезінде 16-шы калибрлі мылтық тәркіленді. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабымен (адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды. Полиция қызметкерлерінің арнайы жедел іздестіру шараларының нәтижесінде тағы бір күдікті анықталып, 1967 жылы туған жергілікті тұрғын ұсталды. Жедел-тергеу жұмыстары жалғасуда» -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда із-түзсіз жоғалып кеткен жылқышының денесі терең шұңқырдан табылған еді. Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Жылыой ауданының 38 жастағы тұрғыны ұсталды .



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT