+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Атыраудағы әскери гарнизонға 100 жас сарбаз келді

2021 жылғы 20 сәуір 02:31
Бөлісіңіз:
Атыраудағы әскери гарнизонға 100 жас сарбаз келді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудағы әскери гарнизонға 100 бозбала келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау гарнизоны баспасөз қызметінің мәліметінше, көктемгі шақыру аясында Түркістан мен Алматы облысынан 100 жас сарбаз әскери бөлім қатарын толықтырған. Әскери бөлімге келгеннен кейін жас сарбаздар коронавирустық инфекцияға қарсы тексеріліп, карантинге оқшауланды. Олар бір ай ішінде алғашқы әскери дайындық бағдарламасын меңгеретін болады.

«Бөлімшеде жас толысым үшін барлық жағдай жасалып, казарма қоры дайындалған. Жас сарбаздармен жиын өткізуге арнайы әкімшілік тағайындалды. Оған тәжірибелі офицерлер мен сержанттар кіреді. Олар сарбаздарға әскери істің негіздерін үйретіп қана қоймай, жаңа жағдайға бейімделуге көмектеседі», - дейді рота командирі, капитан Нұрбек Айтқалиев.

Жас сарбаздардың бәрі әскерге өз еркімен ниет білдіріп келген. Олардың арасында Түркістан облысынан шақырылған Жасұлан Батрашев та бар.

«Мен міндетті әскери қызметке баруға ниет білдірдім. Бұл таңдауыма ата-анам қарсы болмай, қолдау білдірді. Әскери қызметтің алғашқы күнінен офицерлер мен сержанттардың жас сарбаздарға деген оң көзқарасы ұнады. Олар бізге тәртіп пен әскери істі үйретуде. Біз күнделікті әскери тәртіпке біртіндеп үйрене бастадық. Сонымен қоса, сарбаздар асханасындағы тамақтанудың жақсы деңгейін атап өткім келеді», - дейді Жасұлан Батрашев.

Қазір жас сарбаздар әскери өмірдің қыр-сырымен таныса бастады. Олар көптеген нұсқаулық пен әдістемелік сабақтарға қатысады. Содан соң Отанның толыққанды қорғаушысы атану үшін әскери ант береді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT