Атыраудағы дәмханада ирландиялықты ұрып кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Ирландия азаматын ұрып-соққан күдікті жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төбелес дәмханалардың бірінде болған. 35 жастағы Атырау тұрғыны белгісіз себептермен 33 жастағы Ирландия азаматын ұрып-соққан. Төбелесті көрген дәмханадағы қонақтар полиция мен жедел жәрдем бригадасын шақырған. Дәрігерлер шетелдікке мойны зақымдалып, түрлі жарақат алды деген диагноз қойды, алайда ол ауруханаға жатудан бас тартты.

«Полиция шетелдікті жарақаттаған күдіктіні ұстады. Сараптама тағайындалып, ҚР ҚК 107-бабы (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп түсіндірді Атырау облыстық Полиция департаментінен.

Соңғы жаңалықтар