Атыраудағы «Сасыған сай» алқабының мәселесі осы жазда шешіледі – министрлік
З.Жолдасов өңірдің кәріздік тазарту құрылғылары кешенінде болды.
«Сасыған сай» булану алқабы – Атырау облысының басты проблемаларының бірі. Қаладан бірнеше шақырым жерде орналасқан бұл аймақты адамдар сол жерден шығатын жағымсыз иіске байланысты атаған.
Мұнда бірнеше ондаған жыл бойы әртүрлі кәсіпорындар мен тұрғындар өндірістік және экономикалық қалдықтарды, сондай-ақ ағынды суларды ағызып келді. Бұл, атмосфералық ауаның күкіртсутекпен ластануына әкелді.
«Өңір әкімдігі екі жыл бойы қаланың сол жақ жағалауы үшін кәріздік тазарту құрылғалары кешенін салу бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Кешеннің қуаттылығы тәулігіне 70 мың текше метр ағынды құрайды деп күтілуде.
Қазіргі уақытта, кәріздік тазарту құрылыстарының құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Кешен осы жылы жазда пайдалануға беріледі», - деді ҚР Экология министрлігінен.