Атыраудағы үш адамның өлімі: Іс прокурордың бақылауына алынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда үш адамның өліміне қатысты тергеуді облыс прокуроры жеке бақылауына алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылдың оныншы желтоқсанында 17:30 шамасында «Жұлдыз» ықшамауданындағы жекеменшік үйде 1927, 1971 және 1978 жылдары дүниеге келген үш адамның денесі табылған. ҚР ҚК 306-бабы, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Өлім себептерін анықтау барысын облыс прокуроры жеке бақылауына алды», - деп хабарлады Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі Қанат Қабдолов.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау қаласы «Жұлдыз» шағын ауданындағы жеке үйлердің бірінен екі ер адам мен бір әйелдің денесі табылған болатын. Марқұмдар газдан улануы мүмкін деген күдікпен сараптама жасалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар