Атыраудан төрт өңірге қатынайтын жолаушылар пойызы тоқтатылады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудан төрт өңірге қатынайтын жолаушылар пойызы тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Ғайнеденовтің бүгінгі қаулысына сәйкес, 31 тамыз күні сағат 00:00-ден бастап жолаушылар пойызының қатынасы тоқтатылатын болды.

«Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақтөбе, Маңғыстау облыстары бағыттары бойынша

жолаушылар темір жол тасымалдары тоқтатылсын», -делінген қаулыда.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атыраудан 4 бағытқа жолаушылар пойызы тоқтатылып,

шектеу шаралары 14 қыркүйекке дейін созылған еді.




Соңғы жаңалықтар