Атыраудың Ресеймен шекаралас аумағындағы қамыстың өртенуі расталмады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау мен Астрахан облыстарының шекарасындағы қамыстың өртенуі туралы дерек расталмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұқаралық ақпарат құралдарында Ресейдің Астрахан облысында Атырау облысы аумағындағы үш ауданның тұрғындары қамыстың өртенуі салдарынан түтін исін сезінуде,- деген ақпарат пайда болды.Оқиғаны анықтау үшін бүгін Атырау облысының Құрманғазы ауданының шекаралас аумағына комиссия барды.

Комиссия құрамына азаматтық қорғаныс, ҰҚК және жергілікті билік өкілдері кірді.

Комиссияның сапары қорытындысында Қазақстан территориясында қамыстың өртенуі фактісі анықталған жоқ.

Аталған ақпарат Ресей Федерациясының Астрахан облысы бойынша ТЖМ-не хабарланды»,- деп мәлім етті Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар