+7 (701) 759 90 19
USD 429.76 EUR 518.16
RUB 5.64 CNY 66.15
Jańalyqtar

Атырауға коронавирусқа қарсы вакцинаның тағы 5600 дозасы жеткізіледі

2021 жылғы 3 наурыз 14:55
Бөлісіңіз:
Атырауға коронавирусқа қарсы вакцинаның тағы 5600 дозасы жеткізіледі

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысына коронавирусқа қарсы вакцинаның тағы 5 600 дозасы жеткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде коронавируспен ауырған 671 адамның жағдайы ауыр Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны  252 мыңнан асты Қазақстанда бір тәулікте 2696 адам коронавирусқа шалдыққан

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің мәліметінше, Атырауға ертең, 4 наурызда «Спутник V» вакцинасының 2 000 дозасы жеткізіледі. Ал, 15 наурызда тағы да 3 600 доза жеткізу көзделіп отыр.

«Бірінші кезекте дәрігерлер, мұғалімдер және басқа да санаттағы қызметкерлер екпе алады. Мәселен, 22 ақпаннан бері Атырау облысында медицина қызметкерлерінің екінші компонентімен вакцинация жүргізілуде. Қазір 775 адам екпе алды. Ал, 225 адамға вакцина кесте бойынша кезекпен салынады» -деді Асхан Байдуәлиев.

Оның айтуынша, білім басқармасы ұсынған алдын ала тізім 2 мыңға жуық педагог коронавирусқа қарсы вакцина салдырады. Білім беру саласының қызметкерлерін вакцинациялауды 9 наурызда бастау жоспарланған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында вакцинациялаудың бірінші кезеңі аяқталғанын хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT