Атыраулық белсенді «Нөлдік қалдықтар» ұғымындағы дүкен жобасын іске қосты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулық белсенді «Нөлдік қалдықтар» ұғымындағы дүкен жобасын іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жергілікті белсенді Әсел Бисенованың айтуынша, мақсат – қоқыстың пайда болуын азайту арқылы өмір сүру оңай әрі қолжетімді екенін дәлелдеу.

«Жыл сайын полигондар саны 1-2%-ға өсіп отыр. Қазір полигондардағы қалдықтардың шамамен 40%-ын пластикалық қаптамалар құрайды. Қалғаны – картон мен қағаз, шыны мен пластик, металл мен ағаш материалдары. Қалдықтар қайта қалпына келтірілмейтін табиғи ресурстардан, энергия мен судан, адам еңбегінен пайда болады. Адамдар пластикалық қаптамаларды қысқа мерзімдік қолданыстан соң қалдық ретінде тастайды. Полигонда ыдыраған қаптамалар флора мен фаунаның бүлінуіне әкеліп соғады. Ал, адам ағзасына жиналған токсиндер небір ауруларды тудырып, өмір сүру жасын қысқартады», - дейді Әсел Бисенова.

«Нөлдік қалдықтар» ұғымындағы дүкеннен қаптамасыз тауарлар, өлшенетін мен құйылмалы материалдар, бір реттік заттардың балама нұсқалары сатылады. Сондай-ақ, дүкенге қайта өңдеу үшін пластиктерді, қағаз қалдықтарын, алюминий мен қаңылтыр құтыларды, батарейкалар мен шамдарды, тоқылған немесе тығыз матадан жасалған бұйымдарды, қолшатырлар мен баннерлерді тапсыруға болады.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында заңсыз 130 қоқыс үйіндісі ғарыштан мониторингілеу барысында анықталғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар