Атыраулық дәрігер 13 жыл ерікті болған тұрғынға алғыс айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырау облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Бауыржан Төлеген 13 жыл ерікті болған Арман Қасымовқа алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде медицина қызметкерлеріне көптеген кәсіпорындар және жеке тұлғалар демеушілік көрсетті. Керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, тіпті жедел жәрдем қызметкерлерін тасымалдап, ыстық тамақпен қамтамасыз еткен мейірімді жандарға алғысым шексіз. Осындай сәтте біздің жұмысымыздың маңызын түсініп, көмек көрсеткен «Өмірзақ Сервис» ЖШС қауіпсіздік қызметінің басшысы Арман Қасымовқа ерекше алғыс білдіргім келеді», - деді дәрігер елордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Алғыс айту күнінің 5 жылдығына арналған дөңгелек үстелде.

Арман Қасымов 13 жыл бойы ерікті волонтерлік қызмет атқарып, көмек көрсеткен.

«Құрметті Арман Бақытұлы! Қаламызда еріктілер қозғалысын дамытуға үлес қосып, жастарға халыққа алғашқы көмек көрсету қағидаларын үйреттіңіз. Арнайы көліктердің тазалығын қамтамасыз етіп, жедел жәрдем бекеті аумағын тазалауға, науқастарды тасымалдауға қол ұшын созып, демеу көрсеттіңіз. Бұл – үлкен ерлік, мақтан тұтарлық іс. Әрқашан биіктерден көрініп, абырой-беделіңіз арта берсін. Баршаңызға еліміздің өсіп-өркендеуі жолында сəттілік пен табыс, бірлік пен береке және қуаныш тілеймін», - деді Б. Төлеген.


Соңғы жаңалықтар