Атыраулық кәсіпкер жедел жәрдем мамандарына түскі ас әкеліп берді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атыраулық кәсіпкер қалалық жедел жәрдем станциясының мамандарына түскі ас апарып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жеке кәсіпкер Қанат Бопасов жедел жәрдем бригадаларының дәрігерлеріне түскі асты ыстық күйде әкеліп берді. Осылайша, төтенше жағдайға байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеп жүрген медицина қызметкерлеріне қолдау білдірмек болған.

«Қазір еліміз үшін де, әр азамат үшін де оңай болып тұрған жоқ. Осындайда бір-бірімізді қолдап, жанашырлық танытуымыз қажет. Әсіресе, дәрігерлер отбасына да, денсаулығына да алаңдамай, өмірін тәуекелге тігіп, коронавируспен күресіп жатыр. Бәрімізге үлгі-өнеге боларлық іс атқарып жүрген дәрігерлерді қолдау үшін түскі асты алып келдім», -дейді кәсіпкер.

Белгілі болғандай, сенбі күні 25 жедел жәрдем бригадасы қызметте болған.


Соңғы жаңалықтар